Түркістандық азамат грант ұтып, тігін цехын ашқан

0
543

Айына 100 мың теңге тауып отыр.


Түркістандық азамат грант ұтып, тігін цехын ашқан

Бәйдібектік тұрғын қайтарымсыз 583 мың теңге грант алып, тігін цехын ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алып, тігін цехын ашқан бәйдібектік – Арман Жолтаев.


Арман Жолтаев Бәйдібек ауданы, Жыланды елді мекенінің тұрғыны. Осы жылдың сәуір айында Бәйдібек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына «Ұлттық қолөнерді дамыту» жобасы бойынша өтініш білдірген. Мемлекеттік гранттар беру қағидасына сәйкес құрылған комиссияның оң қорытындысын алған Арман Жолтаев қайтарымсыз 583 мың грант алып, өз үйінен шағын тігін цехын ашқан.


Қазіргі таңда Арман Жолтаев жолдасы күміс алқа иегері Ботагөз Сұлтанова екеуі екі тігін машинасын және басқа да қажетті құрал-жабдықтарын алып, тапсырыспен құрақ, ою көрпе, қоржын, қыз жасауын тігіп, айына орта есеппен 100 мың теңге табыс тауып отыр.