Түркістандық баскетболшылар тұңғыш рет ҚР кубогын жеңіп алды

0
757

Құрылғанына көп болмаған команда үшін бұл – тамаша жетістік.


Түркістандық баскетболшылар тұңғыш рет ҚР кубогын жеңіп алды

«Тұран» баскетболшылары ҚР кубогінің иегері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ақмола облысында баскетболдан әйелдер арасында Қазақстан Республикасы кубогі сарапқа салынды. Түркістан облысының намысын қорғаған «Тұран» спорт ойын түрлері клубының баскетбол командасы тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Кубогінің иегері атанды. Құрылғанына көп болмаған команда үшін бұл – тамаша жетістік.


Команданың бас бапкері Ғалия Мамахан жоғары нәтижеге жетуге жағдай жасаған облыс басшылығына, клуб басшысы Сабыржан Бұлдырықовқа, түркістандық жанкүйерлерге алғысын білдірді.


Естеріңізге сала кетейік, биыл «Тұран» командасының баскетболшы арулары Қазақстан Республикасының Ұлттық лигасында өнер көрсетуде. Жалпы баскетболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лигада елімізден 8 команда қатысып, чемпиондық атаққа таласуда. Бүгінгі таңда 4-тур ойындары аяқталып, түркістандық баскетболшы бұрымдылар бірінші орында келе жатыр.