Еркебай Бектаевтың денсаулық саласындағы еңбек өтілі 29 жылды құраса, Алмас Мамировтің еңбек өтілі 37 жыл.
Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Марат Пашимов облыстық балалар ауруханасының жоғары санатты травматолог- ортопед дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Еркебай Бектаевке «Ерен еңбегі үшін» медалін табыс етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сондай-ақ басқарма басшысы облыстық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі Алмас Мамировке «Құрмет» орденін тапсырды.
Айта кетейік, Еркебай Бектаевтың денсаулық саласындағы еңбек өтілі 29 жылды құраса, Алмас Мамировтің еңбек өтілі 37 жыл.