Түркістандық делегацияны СҚО әкімінің орынбасары қабылдады

0
1 006

Жеке кәсіппен айналысамын деген азаматтарға қажетті жағдай жасалынып жатыр.


Түркістандық делегацияны СҚО әкімінің орынбасары қабылдады

Солтүстік өңірге қоныс аударған түркістандықтардың жаңа өмірімен танысу мақсатында теріскейге келген түркістандық журналистер СҚО әкімінің орынбасары Сақыпкереев Асқар Жоламанұлымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келелі кеңесте солтүстікке көшіп келгендердің тұрмыс-тіршілігіне тоқталған облыс әкімінің орынбасарының айтуынша, жеке кәсіппен айналысамын деген азаматтарға қажетті жағдай жасалып, жер учаскелері бөлінеді, құрал-жабдықтарды алуға гранттар беріледі, мал басы мен құс алуға 200 айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін субсидиялар қарастырылған. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарлама аясында несиелер беріледі.