Түркістандық депутаттар 300-ден астам отбасыға азық-түлік таратты

0
796

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өңірде «30 игі іс» акциясы қарқынды жүргізілуде.


Түркістандық депутаттар 300-ден астам отбасыға азық-түлік таратты

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында игі іс атқарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қасиетті Рамазан айында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында игі іс атқарылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өңірде «30 игі іс» акциясы қарқынды жүргізілуде. Мәселен, акция аясында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесі Жомарт Әбдібаев Сарыағаш ауданы аумағындағы мүмкіндігі шектеулі мүшелері бар, жалғызбасты, көпбалалы және тұрмысы төмен 100 отбасыға азық-түлік себеттерін үлестірді.

Сондай-ақ, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ерлан Нұрмахановтың демеушілігімен Бәйдібек ауданы, Жолғабас елді мекеніндегі 70 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының аудан, қалалардағы фракциясының мүшелері де игі істі белсенді атқарып жатыр. Қадір түні қарсаңында Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ғаппар Амантайұлы өз отбасының атынан облыс орталығындағы әлеуметтік жағдайы төмен 50 отбасыға азық-түлік таратты.

Бұдан өзге, Арыс қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Ахметов әлеуметтік жағдайы төмен 20 үйге қажетті азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар табыстады. Сайрам ауданында «Ақсукент» бастауыш партия ұйымының үйлестіруімен, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен 15 шаңыраққа азық-түлік себеттері тапсырылды.

Айта кетерлігі, Жетісай аудандық мәслихатының хатшысы Әлихан Утанов бастаған аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» фракциясының мүшелері атсалысып, Атамекен, Жылы су, Қызылқұм ауылдық округтері мен Асықата кенті, Жетісай қаласындағы аз қамтамасыз етілген, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі жандары бар 50-ге тарта отбасыға азық-түлік себеттері тарту етілді