Түркістандық депутаттар ауыл тұрғындарына көмектесіп жатыр

0
607

Депутаттардың да жауапкершілігі күшейтіліп, олардың белсенділігі арта түсті.


Түркістандық депутаттар ауыл тұрғындарына көмектесіп жатыр

Түркістан өңірінің депутаттары ауылдарына көмектесіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Nur Otan» партиясының сайлаулды бағдарламасында ауылдардың әлеуетін көтеру міндеті жүктелген. Сонымен бірге депутаттардың да жауапкершілігі күшейтіліп, олардың белсенділігі арта түсті. Бұл ретте Түркістан облысы, Сайрам ауданының депутаттары да игі бастамаларды жүзеге асырып келеді.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, «Nur Otan» партиясы «Ақсукент» бастауыш партия ұйымының мүшесі, Сайрам аудандық мәслихатының депутаты Акмалжан Исаков Ақсукент ауылында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы 10 отбасына азық-түлік таратты. Сонымен бірге жалғызілікті ана, Ақсукент ауылының тұрғыны, ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі тұрғынға нақты көмек көрсетті. Депутат өзінің 300000 теңге қаражатына жылу жүйесін, газ колонкасы мен жылыту қазандығын орнатып беріп, ардақты ананың алғысын алды.

Сайрам ауданындағы «Жібек жолы» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен ауданда игі іс атқарылды. Жібек жолы ауылдық округінде аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшелері Г.Нұртанова, жеке кәсіпкерлер – Ж.Еспенбетов, Р.Утешов, Т.Айтбаев, И.Анарметов, М.Урумбековтардың демеушілігімен аз қамтылған, көпбалалы, мүгедек бала асырап отырған жалпы 40 отбасына «Ауызашар қоржыны» таратылды.

Түркістан облысы, Келес аудандық мәслихатының депутаттары да игі істерімен дараланып жүр. Қоғамдық қабылдауға келген ел тілегін ескеріп, қайырымдылықты қолға алған. Мәселен жас депутат Диас Әбдиев Біртілек ауылдық округі орталығындағы Береке көшесін жөндеу (шағал төсеу, жобалау, сыру, ретке келтіру) жұмыстарына демеушілік жасады. Енді шағал тас төселіп, ретке келтірілген көшелер тұрғындардың жүріп-тұруына ыңғайлы болмақ. Сонымен бірге келестік фракция мүшесі Мұхтар Амангелдіұлы Рамазан айының құрметіне 100 отбасына азық-түлік таратқаны да хабарланған болатын.

Түркістан облысының тұрғындары тек мемлекеттік бюджет арқылы атқарылатын жұмыстарды қадағалап қана қоймай, өз демеушіліктері есебінен де игі іс атқарып жүрген халық қалаулыларына ризашылықтарын білдіріп жатыр.