Түркістандық диқандар экспортқа 25 тонна қарбыз шығарды

0
663

4900 гектарға пленка астындағы қарбыз өнімі егілген.


Түркістандық диқандар экспортқа 25 тонна қарбыз шығарды

Жетісайлық диқандар 25 тонна қарбыз өнімін Ресей Федерациясына жөнелтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жетісай ауданына бойынша ауылшаруашылығы мақсатында 78500 гектар аумаққа егіс егіледі. Соның 22 мың гектарына бақша дақылдары егілген. Оның ішінде 14378гектарына пленка астынадағы қауын, ал, 4900 гектарға пленка астындағы қарбыз өнімі егілген.

Жетісай ауданына қарасты Атамекен ауылдық округінде орналасқан " Қоғалы" ауылының диханы Шин Леонид Павелович өз иелігіндегі 2 гектарға. Ерте пісетін пленка астындағы қарбыз егіп, одан шыққан 25 тонна өнімді Ресей Федерациясына жөнелтті.

"Наурыз айының басында қарбыздың 55 күнде пісетін "Виктория" атты сортын екі қабат пленка астына ектім. Ауа-райы қолайсыз болған кездерде, өнім далада қалады ма деп аздап уайымдадым. Өздеріңіз көріп отырғандай барлығы ойдағыдай болды. Өнім жерде қалған жоқ. Бағасыда көңілімнен шықты", - дейді Шин Леонид.

Жетісай ауданы бойынша бүгінгі күнге дейін 50 гектар аумақтың қарбызы мен 15 гектардың қауыны пісуге дайын тұр