Түркістандық әйел жас жігітке массаж жасап, артынан бопсалаған

0
809

Жала жауып, 500 мың теңге талап еткен.


Түркістандық әйел жас жігітке массаж жасап, артынан бопсалаған

Түркістан облысының полицейлері ер адамды бопсалаған әйелді ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Жас жігіттің айтуынша, оған облыс орталығындағы қонақүйдің бірінде массаж жасаған әйел қоқан-лоққы көрсеткен. Яғни ол әйел жас жігітке жала жауып, бопсалап, 500 000 теңге ақша талап еткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 194-бабы 1-бөлігімен «Қорқытып алу» тіркеуге алынған.


Ақпарат алысымен тәжірибелі түркістандық полицейлер жедел әрекетке көшеді. Нәтижесінде келесі күні аталған қонақүйде массаж жасаушы әйел арызданушы жас жігіттен ақша алып жатқан жерінен ұсталды. Оқиға орнынан айғақты зат ретінде 200 000 теңге алынды. Күдікке ілінген жас әйел жергілікті тұрғын болып шықты. Бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары әйелдің басқа да істерге қатысы бар-жоғын анықтауда.