Түркістандық құсбегі қыранмен бірге тауыс, үкі мен тазы да баптайды

0
3 271

​Ол Түркістан қаласының «Жыл адамы-2016» номинациясына ие болған.


Түркістандық құсбегі қыранмен бірге тауыс, үкі мен тазы да баптайды

Фото авторы: А.Лещенко

Құсбегiлiкке әуестiк жылдан жылға азайып бара жатыр. Десек те ол кәсiп мүлдем жойылып кеттi деуге де болмайды. Түркістандық құсбегі ERNUR.KZ тілшісімен сұхбаттасу барысында құсбегiлiкпен айналысқысы келетін жандарға көмек беруге әзір екендігін жеткізді.

Атадан балаға мирас болған құсбегiлiктi серiк еткенНұрмұхамедАқжiгiтовтың осы кәсiппен айналысып жатқанына он төрт жылға жуық уақыт болыпты.

- Мен бала кезiмнен бұл өнердiң қыр-сырына қанығып өстiм. Баттал Адылов есiмдi нағашы атам осы кәсiппен айналысатын. Құстарға жем берiп, қалай баптау керектiгiн атамнан үйрендiм. Ол кiсiнi құсбегi ретiнде түркiстандықтардың көпшiлiгi танушы едi. Қызығушылығымның арқасында жиырма бес жасымнан бастап қыран құс баулуды қолға алдым. Алғашқы қыран құсымның лақап аты «Жетi тырнақ» болатын. Өкiнiшке орай, қыраным белгiсiз себептермен жоғалып кеттi. Бес жылдан берi «Семсер» лақап атты бүркiттi баулып келемiн. Бұл кәсiппен айналысу менiң жанымды рахатқа бөлейдi. Ұшырып еркiндiк лебiн де сездiрiп тұрамын. Биялай киiп қолыма қондырамын. Осы уақыт iшiнде бiр-бiрiмiзге бауыр басып қалдық, - дейді құсбегi.

Қыран құс ерекше күтiмдi қажет етедi. Оның негiзгi қорегi - ет. Ертеде ата-бабаларымыз қыранды аңшылыққа қысқы мезгiлде алып шығатын болған. Жазғы мезгiлде қырандардың қауырсыны түлеп, жаңарады екен. Бүгiнгi таңда құсбегінің ұлы Арыстан бұл өнерге қызығушылық танытып жүр. Шын ниетiмен құсбегiлiкпен айналысқысы келетiн жандарға Нұрмұхамед Ақжiгiтов өз көмегiн тигiзуге әзiр екендігін жеткізді.

Нұрмұхамед құсбегінің ауласынан «Ұшар» және «Құмай» лақап атты тазы иттерiн көзiмiз шалды. Сонымен бiрге, сегіз тауыс (жұбымен) және үш үкi (бір аталық, екі аналық) құстарын баптауда. Жұбайы Гүлмираның айтуынша, қайсыбiр құсты тамақтандырумен текағамыздың өзi ғана айналысады. Себебi, құстар иесi болмаса бөгде адамға айбат шегетiн көрiнедi.

Ұлттық өнердi жалғастырып жүрген құсбегi Түркiстан қаласының «Жыл адамы-2016» номинациясына ие болған. Қазақы өнердi жандандырушы осындай азаматтардың саны артуын қалайтын құсбегі үйренгісі келетін жандармен бар құпиясын да бөлісуге әзір.