Түркістандық мұғалімдер Түркияға жол тартты

0
1 371

Өңірдің әр аумағынан жиналған ұстаздар арнайы іс-сапарға жіберіліп отыр.


Түркістандық мұғалімдер Түркияға жол тартты

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының 40 мұғалімі Түркиға аттанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы білім саласының мамандары ұдайы шет мемлекеттерде тәжірибеден өтіп, біліктіліктерін арттырып келеді. Биыл да жыл басталысымен Түркістан облысының он алты ауданы мен көне шаһардың 40 тәжірибелі педагогы арнайы бағдарлама аясында Түркия Республикасына іс-сапарға жіберіліп отыр.


Бұл жобаның мақсаты – бауырлас әрі қандас өзара тату екі ел – Тәуелсіз Қазақстан мен Түркия Республикасы арасындағы білім және ғылым саласындағы байланыстарын дамыту, ортақ құндылығымыз – Қожа Ахмет Ясауи мұраларының кеңінен насихатталуына үлес қосу. Сонымен қоса, Елбасының биылғы Жолдаудағы ұстаз мәртебесін көтеру туралы тапсырмасын орындап, ұзақ жылдар еңбек еткен мұғалімнің еңбегін бағалау, сондай-ақ білімін жетілдіріп қайтуына жағдай жасау.

Құзырлы мекеме мамандарының айтуынша, бұл жолдама кез келген мұғалімге берілмейді екен. Жолдама алу үшін арнайы талап ескерілген. Отандық мұғалімдер өзге мемлекеттерден келген әріптестерімен жүзбе-жүз кездесіп, білім деңгейін арттырып, тәжірибе алмасады. Алдағы уақытта бұл жоба жалғасын табады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, өткен жылы облыстан 150-ге жуық ардақты ұстаз шет елге барып келген болатын.

дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі