Түркістандық өрендер «Жас ұлан» байқауында үшінші орынға ие болды

0
515

Республикалық әскери-спорттық ойын 8 кезеңнен тұрады.


Түркістандық өрендер «Жас ұлан» байқауында үшінші орынға ие болды

Бір айға созылған «Жас ұлан» республикалық әскери-спорттық ойындары аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жуырда бір айға созылған «Жас ұлан» республикалық әскери-спорттық ойындары аяқталды. Түркістан облысының намысын Арыс қаласы өрендерінен құралған «Арыс» командасы қорғап, жүлделі ІІІ орынды иеленді.


8 кезеңнен тұратын ойынға 9 және 10-сынып оқушыларынан 8 ұл 2 қыз қатысты. Республикалық әскери-спорттық ойынында 17 өңірден 170 оқушы бақ сынады. Арыстықтар «Саптық» байқаудан бірінші орын алса, «Ұрпақтар ізімен» сахналанған әндер байқауынан жүлделі үшінші орынды еншіледі. Ал арқамен жатып, денені жерден көтеру сайысынан екінші орынды иеленді. Жетекшілері – Сүйіндіков Молдабай және Аймұрзаев Ербол.


Жүлдегерлер кубок, медаль және саяхатқа қажетті заттармен марапатталды.