Түркістандық параспортшылар әлемді мойындатты

0
885

«Сауран» спорт клубының спортшылары бақ сынап, жоғары нәтижеге ие болды.


Түркістандық параспортшылар әлемді мойындатты

Португалияның Вила-Реал-ди-Санту-Антониу қаласында халықаралық жарыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Португалияның Вила-Реал-ди-Санту-Антониу қаласында спорттың жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, суға жүзу түрлерінен халықаралық жарыс өтті. Пара жеңіл атлетика сайысына 34 мемлекеттің атлеттері қатысып, кіл мықтылар анықталды.


IWAS дүниежүзілік ойындарында облыстық мүгедектерге арналаған «Сауран» спорт клубының спортшылары бақ сынап, жоғары нәтижеге ие болды. Айтап айтқанда, сайыста ел намысын қорғаған Мұқан Айтмырзаев найза лақтырудан үздік үштіктің қатарынан көрінді. Темірбек Тоғанбай 100 метрге жүгіруден және диск лақтырудан қола медаль алды. Сондай-ақ, Шахрух Санвар 100 және 200 метр қашықтыққа жүгіру мен ұзындыққа секіруден қола медальға қол жеткізді.


Спортшыларға жетекшілік жасап аталған турнирге арнайы барған спорт клуб директоры Абай Қазиевтің айтуынша, бұл додада жүлдегер атанудың өзі мәртебе. Әлем жұртшылығы алдында Көк байрағымыздың көкке көтерілуі күллі Қазақ елінің жеңісінің жемісі.


Жалпы Түркістан өңірі бойынша 130-дан астам параспортшы бар. Құрылғанына 1 жыл толған «Сауран» спорт клубының спортшылары облыс қоржынын 28 алтын, 23 күміс, 30 қола медальмен толықтырған.