Түркістандық полицейлер 422 мыңдық креслоға не үшін отырып жүр?

0
1 341

Мұндай креслолар мемлекеттік стандартқа сай ішкі істер басқармаларында болуы тиіс екен.


Түркістандық полицейлер 422 мыңдық креслоға не үшін отырып жүр?

Түркістан қаласының ішкі істер басқармасындағылар құны 422 мың теңге тұратын креслоны не мақсатта алғанын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Отандық БАҚ пен әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен қымбат креслоға қандай мұқтаждық барын білу мақсатында Түркістан қаласы Ішкі істер басқармасына бас сұқтық. Полицейлер бізге массаж креслосын көрсетіп, қажеттілігін түсінідіріп берді.

Психолог мамандардың айтуынша, мұндай креслолар мемлекеттік стандартқа сай ішкі істер басқармаларында болуы тіис екен. Себебі, жеке құрамның экстремалды және қысылтаяң жағдайларда психоэмоциялық тұрақтылықты дамыту мен мінез-құлқының штаттан тыс жағдайларда өзгеруінің алдын алу мақсатында массажды кресло қажет көрінеді.

Аталмыш орындық психоэмоционалды релаксация кабинетіне қажетті жабдықтар тізімінде бар. Массажды креслоны сатып алу үшін тауарларды мемлекеттік сатып алу шартына сүйене отырып, өнім берушілерге ашық конкурс жарияланған. Ең төменгі бағаны ұсынған (422 мың теңге) «Еркебаева Ж.С» ЖШС компаниясы болған. Бүгінде массажды кресло арнайы психоэмоционалды релаксация кабинетінде қызмет көрсетіп тұр. Ішкі істер басқармасы қызметкерлері белгіленген уақытта мұнда отырып, бой жаза алады.