Түркістандық шаруалар "Nur Otan” партиясын қолдайды

0
2 199

Шаруалар 200 бас ірі қара мал бордақылайды.


Түркістандық шаруалар

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер - Құдайберген Ержан Төлепұлы «Хашим» ШҚ ұжымымен экспромт-кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасындағы орындалатын жоспарлар мен міндеттерге тоқталды.

Аталған «Хашим» шаруа қожалығы 2016 жылы құрылған. Шаруа қожалық мал бордақылау кәсібімен айналысады. 100 бас қара мал, 100 бас жылқыны 5 ай бордақылап, ет саудасына өткізеді. Әр 5 айдың ішінде осы 200 басты ірі қара малды өткізіп отырады. Ірі қара малдар Ресейден және Солтүстік Қазақстаннан сатылып алынады екен. Қара малдың түрлері ақбас және сигментал, ангус ет бағытындағы бұқалар. Бұл шаруа қожалықта 6 адам жұмыс істеп келеді.
Үгіт-насихат кездесуінде шаруа қожалық ұжымының мүшелері бір ауыздан "Nur Otan" партиясын қолдап, дауыс беретіндіктерін айтты.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Түлкібас ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді