Бағдарламаның ерекшелігі - шаруалар өздерінің ескі техникаларын тапсырып, олардың орнына жаңасын алуға мүмкіндік жасалған.
Түркістандық шаруалар мемлекеттік қолдаумен техникаларын жаңартып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында биыл шаруаларды «TRADE IN» бағдарламасы бойынша жаңа тракторлармен қамту жұмыстары басталды. Бағдарламаның ерекшелігі - шаруалар өздерінің ескі техникаларын тапсырып, олардың орнына жаңасын алуға мүмкіндік жасалған.
«ЫРЫС» МКҰ арқылы жылдық 6 пайызбен 5-7 жылға несиеге алумен қатар, алынған техникаға 30 пайыздық мемлекеттік субсидия беріледі. Өткізілген ескі техниканың құны мен берілетін 30 пайыздық субсидия – жаңа трактор бағасынан шегеріледі. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 13 жаңа тракторды лизингтік шарттармен алып үлгерген. Оның ішінде, «КазАгроФинанс» АО арқылы - 7 , «Комтранслизинг» ЖШС арқылы - 4, «Ырыс» МКҰ арқылы - 1, «GrandStroyKaz» ЖШС арқылы - 1 техника лизингке алынған.
Аталған бағдарлама бойынша шаруалар толық мәлімет алу үшін төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады: «Ырыс» МКҰ +7705-430-88-88, «KAZ KIOTI» ЖШС +7707-183-12-11.