​Түркістандық шаруаларға трактор берілді

0
1 328

Түркістан облысының шаруарына мемлекет тарыпынан қолдау көрсетілуде.


​Түркістандық шаруаларға трактор берілді

Түркістандық шаруаларға су жаңа тракторлар берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысының бір жылдық мерекесіне орай Түркістан облысының шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер өкілдері мемлекеттік қолдауға ие болды.

«Есімхан» алаңында өткен шарада облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұржігіт Мырзахметов шаруаларды техникамен қамту ісі алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.

"Облыс бойынша бүгінгі таңда барлық техникалар саны 17955 дананы құраса, оның 15765-ы 2009 жылға дейінгі техникалар. Сондықтан да техника паркін жаңалау жыл сайын жоспарлы түрде жүзеге асады", - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұржігіт Мырзахметов.

Бүгінде өңірде жыл сайын егіс көлемі мен суармалы жерлер ұлғайтылып жатыр.

Жиында Жетісай ауданынан келген «Тұнғатар» өндірістік кооперативінің төрағасы Али Исабеков бірден үш тракторға қол жеткізіп қуанышты көңілге кенелді. Бұл тракторлар егістік алқаптарындағы жұмыстарды жеңілдетуге үлкен септігін тигізеді.Төлем жағы да шаруалар үшін тиімді болып отыр.