Ларнака қаласында жастар арасында самбо күресінен әлем чемпионаты өтті.
Түркістан облысының спортшысы Әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
11-13 қазан аралығында Европаның Кипр мемлекетінің Ларнака қаласында жастар арасында самбо күресінен әлем чемпионаты өтті. Айтулы додада бақ сынаған сарыағаштық бозбала Еркебұлан Ахат 58 келі салмақ дәрежесінде қатысып қарсылыс шақ келтірмей чемпион атанды.
Еркебұлан Ахат ауданға қарасты Ақниет елді мекеніндегі №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Қазіргі таңда, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ІІІ курс студенті.
Самбо күресімен 10 жылға жуық білікті бапкер Жанәділ Алдияровтан тәлім алып, әлем біріншілігінің шыңын бағындырған.