Түркістандық спортшы халықаралық турнирде қос алтын еншіледі

0
468

Қазақстан Республикасындағы 2009 жылғы рекордты жаңартты.


Түркістандық спортшы халықаралық турнирде қос алтын еншіледі

Түркістандық Аделаида халықаралық турнирде қос алтынның иесі атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Словенияның Крань қаласында Олимпиада бағдарламасына енген суға жүзу спортынан халықаралық турнир өтті. Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғаған түркістандық дарынды спортшы Аделаида Пчелинцева 50 метрге дейін брасс әдісімен жүзуден алтын медаль иеленіп, жеңімпаз атанды.


Аделайда сонымен қатар, әлемнің мықтылары күш сынасқан додада 100 метрлік брасс әдісімен де бас жүлдені жеңіп алып, Қазақстан Республикасындағы 2009 жылғы рекордты жаңартты.


Денис Жәрменов басшылық жасайтын Түркістан облысының су спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің талантты шәкірті енді Париж Олимпиадасына жолдама еншілеуді көздеп отыр.