Түркістандық спортшылар Әлем чемпионатынан 22 алтын медаль жеңіп алды

0
556

Кіл мықтылар додасында Әнұранымызды 22 рет шырқатты.


Түркістандық спортшылар Әлем чемпионатынан 22 алтын медаль жеңіп алды

Армрестлингтен Румыния елінің астанасы Бухарест қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы күні аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Армрестлингтен Румыния елінің астанасы Бухарест қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы күнінде жасөспірімдер және жастар арасында сайыс аяқталды. Дүбірлі сында ұлттық құрама сапында Түркістан облысы, Шардара ауданының өрендері бақ сынап, кіл мықтылар додасында Әнұранымызды 22 рет шырқатты. Ел қоржынына 22 алтын медаль салған сайыпқырандар сенімді ақтады.


Атап айтсақ, жеткіншектер арасында 45 келіде – Базарбай Асылжан, 50 келіде – Ибрагим Әділет (сол қол), Сәрсенбай Жармахан (оң қол), 55 келіде – Раим Бекарыс (сол қол), Мансұр Мұқағали (оң қол), 60 келіде – Серікхан Саят, 65 келіде – Басымбек Нұрболат, 70 келіде – Полат Ермахан, + 70 келіде Роман Данияр чемпион атанды. Жеткіншек қыздар арасында 50 келіде – Абдулла Аружан, 60 келіде Оразхан Ырысты топ жарды.


Жасөспірім ұлдар арасында 55 келіде – Тұрғанбек Тұрарбек (сол қол), Ахметов Қуандық (оң қол), 60 келіде – Ерсайын Мейрамбек (сол қол), Самат Мұқасан (оң қол), 65 келіде – Мұхамбетов Ердәулет (сол қол), Ақтай Бекқуат (оң қол), 70 келіде Саттар Шерхан чемпион болды.


Ал, жасөспірім қыздар арасында 45 келіде – Зиядулла Назира, 50 келіде Тазабек Зейнеп қарсылас шақ келтірмеді. Ал жастар арасында Сарыбай Ердәулет (65 келі) мен Қаржау Есболат (90 келі) қоржынға алтын жүлде салды.


Енді ересектер арасында жүлделер сарапқа салынады. Бұл сында да Қазақстан қоржыны жүлделермен толығады деген сенім мол.