Қосымша жұмыс көздерін ашуды жоспарлап отыр.
Бәйдібек ауданының тұрғыны 583 мың теңгемен өз кәсібін бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алып, өз кәсібін ашқан азаматшаның бірі Жамбыл ауылының тұрғыны – Рамзия Абдуллина.
Жоба аясында арнайы курстан өткен Рамзия Рашидқызы 2021 жылдың сәуір айында Бәйдібек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына «Сұлулық салонын ашу» жобасы бойынша өтініш білдіріп, мемлекеттік гранттар беру қағидасына сәйкес құрылған комиссияның оң қорытындысын алған. Грант қаржысы төленгеннен кейін керекті құрал-жабдықтарын алып, Шаян ауылынан ғимаратты жалға алу арқылы сұлулық салонын ашқан. Бала кезден шаш қиюға икемі бар Рамзия өз ісінің кәсіп көзіне айналдырғанына қуанышты.
Шаш қиюмен қатар қыз-келіншектердің шашын бояу, түрлі шаш үлгілерін жасау, тырнақ әрлеумен әзірге өзі ғана айналысып отырған жас кәсіпкер Рамзия Абдуллина қолға алған кәсібін алдағы уақытты үлкейтіп, қосымша жұмыс көздерін ашуды жоспарлауда. Сонымен қатар шаштараз кәсібінің қыр-сырын меңгеруге ниет еткендерге арнайы курс оқытуға мүмкіндігі де бар.