Түркістандық тұрғындар сапалы электр қуатымен қамтылды

0
813

84 шақырымға жуық электр желісі тартылып, 1211 электр бағанаcы мен 12 трансформатор орнатылды.


Түркістандық тұрғындар сапалы электр қуатымен қамтылды

Сарыағаш ауданында жол картасы аясында ауылдар сапалы электр қуатымен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасында Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округіндегі ауылдарын сапалы электр қуатымен қамту жоспары енгізілген болатын. Ол уәде орындалды.

Бүгін Жарты төбе ауылдық округі, Ынтымақ елді мекенінде партияның жол картасы аясында ауылды электрмен жабдықтау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Нысанға аудан әкімінің орынбасары Марат Сейтімбетов, «Nur Otan» партиясының Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Құдірет Қыстаубаев, аудандық мәслихаттың депутаттары Төрехан Жұмабеков пен Жәнібек Сүлейменовтер арнайы барып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

Құрылыс жұмыстарын мердігер «Строительно-монтажное фирма «Мехколонна №59» ЖШС мекемесі тарапынан жүргізген. Ынтымақ елді мекенін сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін 596 үйге жаңадан жалпы ұзындығы 84 шақырымға жуық электр желілері мен 1211 электр бағанаcы, 12 трансформатор орнатылды. Елді мекен тұрғындары партияның бағдарламадағы уәдесін орындағанына ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

Сонымен бірге Жарты төбе ауылдық округі, Достық елді мекені де сапалы электр қуатымен қамтылды. Құрылыс жұмыстарын «Строительно-монтажное фирма «Мехколонна №59» ЖШС жүргізген. Құрылыс барысында елді мекенге жалпы ұзындығы 62 шақырымға жуық электр желілері, 1012 электр бағанасы мен 10 трансформатор орнатылған.

«Nur Otan» партиясы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жан - жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Құтты мекен» партиялық жобасын іске асыру жалғасады.