Түркістандық тұрғынның мәселесі қоғамдық қабылдауда қаралды

0
705

2016 жылдан бері көше тұрғындары болып шағым жазып жүрген.


Түркістандық тұрғынның мәселесі қоғамдық қабылдауда қаралды

Түркістанда қоғамдық қабылдау жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Түркістан қалалық «Nur Otan» партиясының "Open space" үлгісіндегі ғимаратында қалалық мәслихаттың депутаты Тілепова Айгүл Өтегенқызы қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғын мәселесіне назар аударды.

Бәйкөкше шешен көшесінің тұрғыны, көпбалалы және ерекше қажеттілігі бар бала асырап отырған ана жол бойынша өтінішін арқалай келген.

Арызданушы 2016 жылдан бері көше тұрғындары болып шағым жазып жүргенін айтады. Көшеде әсіресе жаңбырлы маусымда тұрғындарға қолайсыздықтар туындатып, күз және қыс айларында тіпті батпақ кешетіндерін жеткізді. Оқиғаның мән-жайын тыңдаған қалалық мәлсихаттың депутаты Айгүл Өтегенқызы, «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бөлімінің басшысы Байдулла Оразбековпен ұялы телефон арқылы сөйлесті. Бөлім басшысы жалпы бұл жылға аталған көшеге қаржы қаралмағанын айтып, алдағы аптада мәслихат депутатымен бірге Бәйкөкше шешен көшесінің жағдайымен танысып көруге уағдаласты. Нәтижесінде, жолдың қазіргі жағдайына байланысты шешім көрілмек. Алдағы уақытта қоғамдық қабылдау тұрғындардың мәселесін шешумен айналысуды жалғастыра бермек.