Түркістандық жас депутат 100 отбасыға азық-түлік таратты

0
622

"30 игі іс" акциясы аясында.


Түркістандық жас депутат 100 отбасыға азық-түлік таратты

Келестік жас депутат 100 отбасына қамқорлық көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының ұйымдастыруымен партияның "30 игі іс" акциясы аясында аудандағы тұрмысы төмен 100 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.

Аталған игі іске әрдайым өзінің қайырымдылығымен елдің алғысын алып жүрген аудандық мәслихаттың ең жас депутаты, "Nur Otan" фракциясының мүшесі Әбдімәлік Мұхтар Амангелдіұлы демеушілік жасады.

Ораза айындағы қайырымдылық азық-түлік себеттерін жеткізген халық қалаулысына ауданның бас имамы Айдар Садықов ақ батасын беріп, аудандық мешітте ауыл округтердің имамдары арқылы мұқтаж жандарға таратылып берілді.