Түркістандық жастар ағынсу арналарын ашуға кірісті

0
642

Өздерінің демалысын тиімді пайдаланып жатыр.


Түркістандық жастар ағынсу арналарын ашуға кірісті

Түлкібас ауданының жастары өз демалыстарын ағынсу мәселесін шешуге арнап жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Елімізде орын алып жатқан қуаңшылық егіншілік және мал шаруашылығымен шұғылданып отырған жандарға қиындық туғызып отырғаны баршамызға аян. Осы орайда Түлкібас ауданында аталған мәселені алдын-алу мақсатында аудан әкімдігімен қатар, ауыл жастары да қарап отырмай қолдары бос демалыс күндері ауыл-аймақтағы арық-атыздарға су келетін бастау көздерін ашып, елдін батасын алып жатыр.


Солардың бірі – Мичурин ауылдық округінің жастары. «Ауылына қарап азаматын таны» демекші, округ орталығының жастары өткен сенбі-жексенбі күндері ауыл сыртында жиналып, округ орталығы Майтөбе ауылына келетін су бастауларының көзін ашып, арық-атыздардың бойын тазалап, көпшілікке үлгі боларлықтай игі іс жасады. Ел құптарлық істі ауыл жастары алдағы демалыс күндері де жалғастырмақ. Сондай-ақ, бұл бастаманы басқа да ауылдың жастарына эстафета ретінде жолдап отыр.