​Түркістандық жастар Елбасы мақаласына орай флешмоб ұйымдастырды

0
2 309

Елбасы мақаласын жастар қуанышпен қабылдады.


​Түркістандық жастар Елбасы мақаласына орай флешмоб ұйымдастырды

Түркістан қаласының жастары Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы қолдайтындығын флешмоб билеп, арнайы үндеу қабылдап көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде Түркістан жастары бас қосып, Елбасы мақаласын қолдайтындықтарын көрсетті.

Жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков қатысты.Түркістан қалалық медицина колледжінің студенті Бақытжан Дүкенбай, №21 кәсіптік колледжі студенті Ақжелең Құрбанбай, Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Зафаржан Зұлпарханов Елбасы мақаласы елдегі тарихты түгендеу, болашаққа бағыт берер тың тұжымдама екендігін жеткізді.

Елбасының жыл сайынғы жолдауларында жастар жайын үнемі назарда ұстайтындығын атап өтті. Сонымен қатар, келер жылды «Жастар жылы» деп жариялауы да үлкен қолдаудың белгісі екендігіне қуанышты екендіктерін жеткізді.

Ел ішінде жүзеге асып жатқан жобаларға жастар қолдау білдіретіндігіне тоқталып, замандастарын бұл бағыттағы жұмыстарды бірге атқаруға шақырды.

Сондай-ақ, арнайы флешмоб билеп, Үндеу қабылдады.