​Түркістандықтар «ТӨЛЕ БИ» фильмін тамашалады

0
1 460

«САҚ» киностудиясы мен «Оңтүстікфильм» мекемесінің бірлесіп түсірген «Төле би» теле туындысы 10 сериядан тұрады.


​Түркістандықтар «ТӨЛЕ БИ» фильмін тамашалады

Түркістанда «ТӨЛЕ БИ» фильмінің тұсаукесері өтті – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында өткен теле туындыны тамашалауға халық көп жиналды.
«САҚ» киностудиясы мен «Оңтүстікфильм» мекемесінің бірлесіп түсірген «Төле би» теле туындысы 10 сериядан тұрады. Мұнда Төле бидің балалық шағынан бастап қартайған кезеңіне дейінгі өмірі толық баяндалған. Фильмде Тәуке хан, Қазыбек би, Әйтеке би, Бөгенбай, Қабанбай батырлармен бірге елдік мәселелерді шешу істері көрініс тапқан.
Фильм алдағы күндері «Хабар» телеарнасынан көпшілікке ұсынылмақ.
Салтанатты шарада Түркістан облысының бір жылдығымен көпшілікті құттықтаған Мәдениет және тілдерді дамыту басқарамасының басшысы Нұрдәулет Исабек пен белгілі кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов фильмді түсіруде еңбек еткен «Оңтүстікфильм» мен «Сақ» киностудиясының ұжымына алғысын айтты.
Фильмнің сценарийін Бақытжан Құлжабай мен Шойбек Орынбай жазған. Басты рөлдерде Абзал Төлен мен Сағындық Жұмаділов ойнайды.
Телехикая өзінің тарихи салмағымен, мағыналық ауқымымен ерекшеленіп, көрерменді ұлтжандылыққа тәрбиелейді. Төл тарихымыз бен ұлы тұлғаларымызды құрметтеуге шақырады.