Түркістандықтар толықтай таза ауызсумен қамтылады

0
210

Қалада инфрақұрылым саласы дамып жатыр


Түркістандықтар толықтай таза ауызсумен қамтылады

Биыл Түркістанда ауыз су құбырларын жаңғырту және су жинау ғимаратын қайта құру жұмыстары пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда инфрақұрылым саласы жақсарып келеді. Қаланы 100% таза ауыз сумен қамту үшін 2 нысанның құрылысы жүргізілуде. Ауыз су құбырларын қайта жаңғырту және су жинау ғимаратын қайта құру жұмыстары жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Бұл туралы бүгін өткен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының түркістандықтармен кездесуінде айтылды.


Қалада орталықтандырылған кәріз жүйесімен 36,5% немесе 16 336 абонент қамтылған. Жыл қорытындысымен 55,8%-ға жеткізу жоспарлануда. Жалпы бүгінгі таңға 17 жобаны іске асыру жоспарланып, 2 нысан 2023 жылы пайдалануға тапсырылды. Қазіргі таңда 11 нысанның құрылысы жүргізілуде, 4 нысан құрылысы республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда қала аумағы 95% сарқынды су желісімен қамтамасыз етіледі.


Сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін электр қондырғылары мен желілерін қайта жаңғырту құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ табиғи газбен қамтамасыз ету де жолға қойылған. Бүгінгі күні көгілдір отынды 40 мыңға жуық абонент немесе қала тұрғындардың 98,0% дербес шот ашып пайдалануда. Өткен жылы басталған Отырар мөлтек ауданындағы 5 қабатты 36 тұрғын үйді газбен қамтамасыз ету құрылысы аяқталып, дербес шот ашу жұмыстары жүргізілуде.