Түркістандықтарды жұмыспен қамту басты мақсатқа айналған

0
726

Жұмыспен қамтылған азаматтардың ең төменгі жалақысы 85 мың теңгені құрайды.


Түркістандықтарды жұмыспен қамту басты мақсатқа айналған

Түркістан облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысындағы жұмыс іздеген тұрғындар Жұмыспен қамту орталығы арқылы екі қолға бір күрек ұстап жатыр. Мемлекеттік бағдарлама облыс басшылығының жіті бақылауында. Бүгінде бағдарлама аясында бірқатар ірі инфрақұрылымдық нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Атап айтсақ, Созақ ауданы бойынша 15 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 83 жаңа жұмыс орындары құрылып, 45 адам халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтылды.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, инфрақұрылымдық 8 жоба аясында құрылыс-жөндеу жұмыстары 90,7 пайызға орындалған. Сондай-ақ, аталған ауданда әлеуметтік-мәдениет және инфрақұрылым нысандары мен елді мекендерді абаттандыру жұмыстары да іске асырылуда. Атап айтқанда, 4,2 шақырым жолға 103 баған жарық шамдар орнатылып, 1 шақырым аяқ жол мен асфальт төселген.

Жұмыспен қамтылған азаматтардың ең төменгі жалақысы 85 мың теңгені құрайды. Тиісінше, Жол картасы бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде мердігерлер қажетті санитарлық–эпидемиологиялық талаптарды сақтап, қызметкерлер жеке қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын іске қосу – пандемия кезінде жұмыспен қамту шараларының бірі. Басты мақсат – жұмыссыздыққа жол бермеу және қосымша жұмыс орындарын құру.