Түркістандықтардың газға қосылуы жедел жүргізіледі

0
2 060

Аталған кеңселердің жұмыс уақыты 9.00-ден 19.00-ге дейін.


Түркістандықтардың газға қосылуы жедел жүргізіледі

Түркістан қаласында газға қосылу үшін құжат қабылдайтын мамандар саны көбейді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласында газға қосылу жұмыстарын жылдамдату үшін Рашид Абатұлы Елордаға іссапармен барып, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ басшылығымен кездесіп, мәселені көтерген болатын. Келіссөз нәтижесінде, мекемеден мамандар жіберіліп, құжаттарды қабылдау ісі жеделдетілетіні хабардар етілген еді.

Бүгінде "ҚазТрансГаз Аймақ" мекемесіненкелген мамандар азаматтардың газға қосылу өтініштерін қабылдайды.

Жеке тұлғалардың үйлерін газбен жабдықтау желілеріне қосу үшін ұсынуы тиіс құжаттардыңтізімі ертеректе бекітілген болатын. Бұл мәселе Ғ.Мүсірепов көшесі, №17 және Қазыбек би көшесі, №202А мекен-жайларындағы Халықтық кеңсе мен Парасаттылық орталығында орналасқан. Аталған кеңселердің жұмыс уақыты 9.00-ден 19.00-ге дейін.

Сонымен қатар, бұл мекен-жайларда аталған мамандар тарапынан тұрғындарға газды үй жағдайында қауіпсіз пайдалану туралы толық ақпарат беріледі. Халықтық кеңсе мен Парасаттылық орталығында қала әкімдігі, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және мердігер компаниялар өкілдерінің жұмысы үйлестірілген. Газға қосылуға өтінімдерді жеке тұлғалар ғана емес, сонымен қатар, объектілері газдандырылған аумақтарда орналасқан заңды тұлғалар да бере алады.