Түркістанға ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы өкілі Криста Пиккат келді

0
1 757

ERNUR.KZ​. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының директоры, Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттеріндегі ЮНЕСКО өкілі Криста Пиккат келді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Түркістанға ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы өкілі Криста Пиккат келді

ERNUR.KZ. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының директоры, Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттеріндегі ЮНЕСКО өкілі Криста Пиккат келді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Еліміздің рухани астанасына арнайы келген өкіл Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Тарихи орын жөнінде кеңінен ой бөліскен Криста Пиккат Түркістан – мәдени-тарихи ескерткіштерге, табиғи қорықтарға бай өлке екенін тілге тиек етті. Біздің мақсатымыз осы айрықша ескерткіштерді қорғай отырып, жергілікті халық үшін ресурс ретінде пайдалануға мүмкіндік жасау деп пікірін білдірді. Осы орайда талай жәдігерлер сақталған музей ұжымының жұмыстарына сәттілік тіледі.