Түркістанның әкімі күн сайын таңғы уақытта қаланы аралайды

0
1 339

Бүгін жертөлелерді тексерді.


Түркістанның әкімі күн сайын таңғы уақытта қаланы аралайды

Түркістан қаласының әкімі жылу маусымына дайындықты пысықтады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін жұмыс уақытына дейін, таң ата шаһар басшысы Рашид Абатұлы Түркістан қаласын аралап, газ құбырларын орнату жұмыстары мен көпқабатты үй жертөлелерін тексерді.

Көпқабатты үй жертөлелері қыс маусымы түспей толық тазарып, істен шыққан, жарылған құбырлар жөнделуі тиіс. Бұған дейін жиналыс барысында айтып өткендей, бұл мәселелер қала әкімінің назарында болады. Қыста бір отбасы жылусыз қалып, тоңбас үшін де алдын алу қажеттігі баса айтылды. Сонымен қатар, Тұран ауылында жүргізіліп жатқан кәріз жүйесінің жұмыстары қадағаланып, жарықтандыру ісін қолға алуды тапсырды.

Айта кетейік, Рашид Аюпов енді күнделікті таңғы уақытта жауапты мамандармен бірге қаланы аралап, әсіресе тұрғындардан түскен шағымдар бойынша барлық атқарылып жатқан жұмыстарды бақылайтын болады.

Еске сала кетсек, осының алдында Түркістан қаласының әкімі қаладағы құрылыс алаңдарын аралап, жылу беру мәселесіне де тоқтала кеткен болатын. Шаһар басшысы қызметін дұрыс орындамай, уақытында қам жасай алмаған басшылар мәсклесі арнайы қаралатынын жеткізген.