Түркістанның экс прокуроры қамауға алынды

0
1 598

​Түркістан қаласының бұрынғы прокуроры ірі мөлшерде пара алды деп айыпталуда. Қазір Махат Зұлпыхаров пен оның көмекшісіне қатысты қылмыстық іс Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түсті,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Түркістанның экс прокуроры қамауға алынды

Түркістан қаласының бұрынғы прокуроры ірі мөлшерде пара алды деп айыпталуда. Қазір Махат Зұлпыхаров пен оның көмекшісіне қатысты қылмыстық іс Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түсті,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық сотта өткен брифингте мәлім болды. Соттардың айтуынша, Түркістан қаласының бұрынғы прокурорына Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 4-бөлігі «Пара алу» бойынша айып тағылып отыр. Ол уақытша тергеу абақтысына қамауға алынды. Ал оның көмекшісі Бақыт Жүнісовке қылмыс жасауға көмектескен деген күдікпен бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылған. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігімен «Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi» және 366-баптың 2-бөлігі «Пара алу» бойынша айып тағылуда. Алғашқы сот отырысы сәуір айының ішінде өтеді.