Ұлттық санақ – өте маңызды науқан – Өмірзақ Шөкеев

0
700

Түркістан облысында 118 112 респондент онлайн санақтан өтті.


Ұлттық санақ – өте маңызды науқан – Өмірзақ Шөкеев

Түркістан облысының әкімі халық санағына жауапкершілікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ұлттық халық санағына жауапкершілікпен қарап, жұдырықтай жұмылуға шақырды. Он жылда бір оралатын аса жауапты науқанға белсенді түрде атсалысудың маңыздылығын айтты. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат отырысында Түркістан облысы халқының ұлттық санағын өткізу жұмыстарының барысы баяндалды.


«Ұлттық халық санағы – өте маңызды науқан. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды ширату қажет. Барлық мәселе халықтың санына байланысты», –деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.


Соңғы тәулікте Түркістан облысында 118 112 респондент онлайн санақтан өтті. Соның ішінде, бірқатар аудандар белсенділік танытты. Ұлттық халық санығына қатысушылар арасында алғашқы орында Сайрам ауданының тұрғындары аса белсенді. Бір тәуліктің ішінде 23 мыңға жуық сайрамдық ұлттық санақтан өтіп, сауалдарға жауап берген. Қазығұрт ауданы – 14 711 адам, Ордабасы ауданы – 12 191 адам. Түлкібас ауданы – 9085 адам онлайн режимде санақтан өткен.


Биылғы санақ өзгелерінен ерекше, яғни Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 қазан аралығындағы кезеңде интернет желісі арқылы sanaq.gov.kz мамындырылған сайтында тәулігіне 24 сағат бойы онлайн режимде өтуде.


Айта кетейік, Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 30 қазан аралығында Қазақстан Республикасы халқының кезекті ұлттық санағы өткізілуде. Жалпыұлттық маңызды шараның мемлекет үшін үлкен әлеуметтік-экономикалық мәні бар. Халық санағы Қазақстандағы түгел жұртты, елден тыс жүрген республика азаматтарының барлығын қамтиды.