Тәрбие сағатында оқушылар "Құндылық құны" отбасы мүшелері туралы әдеби оқылым оқып, бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрімізден сахналық қойылым қойды.
Түркістан облысы, Арыс қаласында "Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы" тақырыбында отбасылық шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Арыс қалалық №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінде 8 «д» сыныбы оқушыларына Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында тәрбие сағатын ұйымдастырды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Отанымыздың, қоғамымыздың, біздің бабаларымыздың, жастардың тамаша келешегі бар екендігіне сенімділігін,ал бәсекеге қабілетті Қазақстанның әлемдегі экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті - жастарда»деген сөзі оқуышларға жігер беруі керек. Мұны мұғалім өз сөзінде айтып өтті. Сонымен қатар, оқушыларға ата-ананы қадірлеу, үлкенді сыйлау қасиетті борышымыз екенін нақтылап жеткізіп, сөзін сабақтай түсті.
Тәрбие сағатында оқушылар "Құндылық құны" отбасы мүшелері туралы әдеби оқылым оқып, бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрімізден сахналық қойылым қойды. Қазақ халқының ұлттық тағамдарының денсаулыққа тигізер зор пайдасы да тәрбие сағатында сөз етілді. Тәрбие сағатының соңында оқушылар ұлттық тәрбие туралы өз ойлары мен тілектерін "Тілек ағашына" жазып, қорытындылады.