«WorldSkills Kazakhstan – 2024»: Түркістандық екі студент алтын медаль иеленді

0
315

Қатысушылар 29 құзыреттілік бойынша бақ сынасты.


«WorldSkills Kazakhstan – 2024»: Түркістандық екі студент алтын медаль иеленді

Түркістандық екі студент «WorldSkills Kazakhstan – 2024» республикалық чемпионатында алтын иеленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Астана қаласында 11 және 18 қараша аралығында өткен «WorldSkills Kazakhstan – 2024» республикалық чемпионатының жеңімпаздары анықталды. Қатысушылар 29 құзыреттілік бойынша бақ сынасты.


Республикалық сайыста Түркістан облысының колледж студенттері 2 алтын, 1 күміс, 4 қола және 11 ерекше медальонға ие болды. Ал республика бойынша жалпы командалық есеппен Түркістан облысы 6 орыннан көрінді.


Нақтырақ айтқанда, «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің студенті Жанерке Сауран І орынды және «Сырлау және әрлеу жұмыстары» құзыреттілігі бойынша Кентау көпсалалы коледжінің студенті Жанар Серік І орынды жеңіп алды. Жүлделі ІІ орынды «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінің намысын қорғаған Нурдавлат Жалолов иеленді.


«Бастауыш білім беру» құзыреттілігінен Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжінің студенті Айым Момбекова, «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттілігі бойынша Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінен Оразәлі Егізбай, «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің студенттері Айдын Ермахан мен Ернұр Дүйсенбек, «Плитка жапсырудан» Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледж студенті Мухаммадали Авазханов ІІІ орынды місе тұтты.


Бұдан бөлек, Түркістан облысының намысын қорғап барған 11 студент арнайы медальондармен марапатталды.

Бөлісу