Жалпы Түркістан облысы елімізде туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша көш бастап тұр.
Түркістан облысында желтоқсанның 31-інен қаңтардың 1-іне қараған түні 59 сәби дүние есігін ашты. Жаңа жылмен тұспа-тұс туғандардың 38-і ұл бала болса, 21-і қыз бала, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінде барлық аналар мен нәрестелердің жағдайы дәрігерлер бақылауында. Ал, Түркістан қаласындағы №3 облыстық перинаталдық орталығында бес ұл дүниеге келген.
Жалпы Түркістан облысы елімізде туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша көш бастап тұр.