«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: Арыстық сарбаздар мен теміржолшылар сенбілікке қатысты

0
271

Қала көлемінде абаттандыру шаралары күнделікті орындалуда.


«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: Арыстық сарбаздар мен теміржолшылар сенбілікке қатысты

Арыстық сарбаздар мен теміржолшылар ауқымды сенбілікке қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы «Жасыл аймақ» апталығы Арыста жалғасты. Игі шараға Арыс қаласы әкімдігінің аппараты басшысы Талғат Анашбеков бастаған әкімдіктің мемлекет қызметлерлері, қалада орналасқан әскери бөлім сарбаздары мен теміржол қызметкерлері атсалысты.


Қала көлемінде абаттандыру шаралары күнделікті орындалуда. Тұрғылықты мекенін жайлы қалаға айналдыруда талмай еңбек етуші қызметкерлер, сенбіліктен де қапы қалмады.


Қала әкімінің орынбасары мен мемлекетттік қызметкерлер, әскерилер мен теміржолшылар, кәсіпкерлер және тұрғындар қатысқан сенбілікте маңызды шаруалар атқарылды.


Бүгінде қаланы абаттандыру жұмыстарын мықтап қолға алған олар, ізгі шараға бел сыбана кірісіп, жан-жақты қолдау шарасын жүргізді. Тазалық барысында әскери бөлім сапқа тізілген сарбаздардан бөлек, ауыр жүк көлігін ұсынып, мекен тазалығы мен жайлылығы үшін аянбайтындарын алға тартты. Дәл осындай ізгі эстафетаны құп көрген теміржолшылар да арнайы техникаларын жұмылдырды.


Осылайша әр саланың мамандары жұмылған игі шарада Арыс-Шымкент тас жолы бойында қырқылған талдарды кесіп-шауып, ауыр жүк көліктеріне тиеу жұмыстары сәтті орындалды.