«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: Түркістандық табиғат қорғаушылар акцияға үлес қосты

0
635

2000 метр арыз-атыздар тазаланып, 12 тонна қоқыс шығарылды.


«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: Түркістандық табиғат қорғаушылар акцияға үлес қосты

«Жасыл аймақ» экологиялық акциясына Түркістан облысының табиғат қорғаушылары үлес қосуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында республика көлемінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының үшінші аптасы «Жасыл аймақ» атуымен жалғасып жатыр. Бұл апталықта көшеттер отырғызылады жəне ағаштар əктеледі. Осыған орай, облыстың гүлденуіне атсалысып жүрген табиғат жанашырлары экоакция аясындағы өткізілген сенбілік жұмыстарына бір кісідей жұмылып еңбек етті.


Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты орман шаруашылығы мекемелері бойынша сенбілікке 550 адам қатысып, 4 мыңға жуық көшет егілді. Сондай-ақ 2000 метр арыз-атыздар тазаланып, нәтижесінде 12 тонна қоқыс шығарылды.


Жалпы жыл сайын орман шаруашылығы мекемесінің қызметкерлері аудан, қаланы көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына атсалысып келеді.


Бүгінде акция аясында барлық орман алқаптары мен жасыл белдеу аймақтарында санитарлық-тазалық жұмыстары жанданып, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жалғасуда.


Айта кетейік, 8 сәуір басталған науқан 11 мамырға дейін жалғасады. Алдағы уақытта «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» апталықтары аясында тазалық жұмыстары жүргізілетін болады.