​Ж.БЕКШИН: «Арыс қаласының ауасы қауіпсіз, радиация жоқ»

0
1 319

Қазіргі таңда қала бойынша ауыз су құбырларының дезинфекциясы және жуып-шаю жұмыстары жүргізіліп жатыр.


​Ж.БЕКШИН: «Арыс қаласының ауасы қауіпсіз, радиация жоқ»

Арыс қаласында ауа, су сынамалары алынып, радиация мөлшері зерттелді. Бұл туралы бүгін Түркістан облысында құрылған штабтағы баспасөз мәслихатында еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Бүгін жылжымалы лабораториялар арқылы қала аумағында және сыртында зерттеу жасалды. Радиациялық жағдай тексеріліп, 518 сынама өлшемдері жүргізілді. Радиациялық фон қалыпты деңгейге сәйкес келеді. 50 орында атмосфералық ауаның сапасы тексерілді. Нормативтен ауытқу анықталған жоқ. Қазіргі таңда қала бойынша ауыз су құбырларының дезинфекциясы және жуып-шаю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс бүгін сағат 18.00-де аяқталады. Қоқыс жиналатын контейнерлік орындар толық дезинфекциядан өткізілді. Бұл жұмыстарға Түркістан облысымен қатар Қызылорда, Жамбыл өңірлерінің мамандары тартылды. Қаланың ауасы қауіпсіз. Арыста радиация қаупі жоқ», – деді ол.

Айта кетейік, 28 маусымда таңғы 8.00-ден бастап арыстықтар өз үйлеріне орала бастайды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев мәлімдеген болатын.