Желідегі даулы зиратқа қатысты Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі жауап берді

0
1 450

ERNUR.KZ. ​ОҚО Төле би ауданындағы Зертас елді мекеніндегі қабірлер ашылып, сүйектер суға ағып жатқан зират туралы аудан басшылығы түсініктеме берді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Желідегі даулы зиратқа қатысты Төлеби ауданы әкімдігінің  баспасөз қызметі жауап берді

ERNUR.KZ. ОҚО Төле би ауданындағы Зертас елді мекеніндегі қабірлер ашылып, сүйектер суға ағып жатқан зират туралы аудан басшылығы түсініктеме берді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі. Аудандағы Зертас елді мекені Құрманғазы көшесінің төменгі бөлігінде орналасқан ескі мазаратқа адам мәйіттерінің жерленіп жатқанына ғасырдан астам уақыт болған. Ол 2,3 гектар аумақты алып жатыр. Бүгінде мазараттың төменгі 5 жерінен бұлақ суының шығуына байланысты біраз бөлігі шайылып, ойықтар пайда болған. Соның салдарынан 2 адамның жерленген қабірі ашылып, адам сүйектері ойықтың ішінде жатыр.

"Жоғарыда аталған бұлақтардың суы қазіргі таңда да ағып, мазараттың қалған бөлігінің жерлерін жібітуде. Ойық пайда болған жерге адам баласының жақындауына қауіпті, жер опырылып кетуі мүмкін. Ал, арнайы техниканы ол жерге апару одан да қауіптірек, өйткені бүкіл жар қабірлерімен бірге опырылып кетеді. Бұл – табиғи құбылыс. Ендігі күн жылынып, жер құрғаған соң дренаждау тәсілімен бұлақ көздерін тоғыстырып каналға құятындай етіп жұмыстар жүргізіп, қабірлерді қайта жерлеу жоспарлануда", - делінген хабарламада.

Ауыл тұрғындары қалыптасқан жағдайдан хабардар және жұмыстар басталғанда жұмыла атсалуға ниеттеніп отырғанын жеткізді.