​Жемқорлыққа қарсы марафонды Бәйдібек ауданы қабылдап алды

0
2 443

Марафонның соңғы форумы 7 желтоқсанда өтеді.


​Жемқорлыққа қарсы марафонды Бәйдібек ауданы қабылдап алды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда қоғаммен байланысты орнату мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол - Честный путь» марафон эстафетасын Созақ ауданынан Бәйдібек ауданынан келген делегация басшысы, аудан әкімінің орынбасары Жанғазиев Бағдатбек Пердебайұлы салтанатты түрде қабылдап алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облыстық департаментінің «Адал жол» кітабын «Эстафета» қағидасы бойынша Созақ ауданы Бәйдібек ауданына тапсыру рәсімі өтті.
Созақ аудандық мәдениет үйінде аталған шараға байланысты салтанатты жиын өтті. Жиынның ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облыстық департаментінің басшысы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев сөз сөйлеп, жиналған көпшілікті жыл басынан өтіп келе жатқан шараның маңыздылығына тоқталып, аудандағы бірқатар азаматтарды агенттіктің алғыс хатымен марапаттады.
Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов құттықтау сөз сөйлеп, «Адал жол – честный путь» марафонының эстафетасын Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиевке салтанатты түрде табыстады.
Созақ ауданындағы іс-шарада «АДАЛ ЖОЛ –ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» марафонының эстафетасын қабылдауға Бәйдібек ауданынан аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев бастаған делегация қатысты.