Оперативті іздеу жұмыстары нәтижесінде 7 жыл өткен соң Мақтаарал ауданының құқық қорғау қызметкерлері 5 күдіктіні ұстады. Олар 1978, 1980, 1986, 1992 жылы туылған ОҚО тұрғындарын ұстады. Қылмыскердің біреуі Шымкент қаласында орын алған басқа қылмысқа қатысы бар болып шықты
Иллюстрациялық сурет
ОҚО да жеті жыл бұрынғы қылмыс ашылды. Бұзақылар жергілікті тұрғынға шабуыл жасап көлігін айдап кеткен. 2011 жылды наурызда полиция қызметкерлеріне Мақтаарал ауданының 3 тұрғыны шағым түсірген. Сөздерінше белгісіз адамдар жолда көліктерін тоқтатып, тапаншамен қорқытып, ақша талап еткен. Одан кейін зардап шегушілерді Шымкент қаласына әкеліп, 2 миллион теңге тұратын «Toyota» маркалы автокөлікті күшпен тартып алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ zakon.kz -ке сілтеме жасап.
Оперативті іздеу жұмыстары нәтижесінде 7 жыл өткен соң Мақтаарал ауданының құқық қорғау қызметкерлері 5 күдіктіні ұстады. Олар 1978, 1980, 1986, 1992 жылы туылған ОҚО тұрғындарын ұстады. Қылмыскерлердің біреуі Шымкент қаласында орын алған басқа қылмысқа қатысы бар болып шықты.
Қазіргі таңда «адам ұрлау», «қарақшылық» фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қарақшылар қамауда. Заттай дәлел ретінде полицейлер ұрланған көлікті тәркілеп иесіне қайтарды.