Жетісай азаматтары Түркістанда 3500-ге жуық көшет отырғызды

0
852

Көшеттер Жамбыл облысында орналасқан тұқымбақтан жеткізілген.


Жетісай азаматтары Түркістанда 3500-ге жуық көшет отырғызды

Жетісай ауданы Түркістан облысының орталығын көркейтуге атсалысып жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сай облыс орталығында жасыл белдеу қалыптастыру мақсатында шаһарды бірнеше секторға бөліп, аудан, қалалар мен басқармалар жауапты болып бекітілген болатын. Бүгінде сол бастама қарқын алып, Түркістанды жасыл қалаға айналдыру бағытындағы көгалдандыру ісі қарқынды жүргізіліп жатыр.

Мәселен, №15 секторға жауапты жетісай ауданының азаматтары «Túrkistan» автобекеті мен қалаға кіре беріс көпірге дейінгі аймаққа 3500-ге жуық көшет отырғызған. Оның ішінде терек – 2000 түп, қырым шыршасы – 100 түп және қарағаш – 1400 түп. Бұл көшеттер Жамбыл облысында орналасқан тұқымбақтан жеткізілген.

Сонымен қатар, егілген көшеттерді суару үшін 1700 метр жерге «тамшылатып суғару» жүйесін жүргізу көзделіп отыр. Алдағы уақытта қажеттілігіне қарай қосымша көшеттер егу жұмыстары жалғасын табатын болады. Аталған жұмыстар үшін 30-ға тарта жұмысшы мен қажетті техникалар еңбекке жұмылдырылған. Одан бөлек, өзге аудандар да Түркістанды түрлендіруге үлес қосуда.