​Жол жүру ережелерін білмейтін түркістандық полицейлер қызметтерінен кетті (видео)

0
1 863

Полицейлердің іс-әрекеті жазылған видео әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын.


​Жол жүру ережелерін білмейтін түркістандық полицейлер қызметтерінен кетті (видео)

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жол жүру ережелерін білмейтін әрі мотоциклде медициналық жолдәрі қорабының не үшін қажеттігін түсіндіріп бере алмаған Түркістан облысының полицейлері атқарып отырған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әлеуметтік желілерде пайда болған бейнеге байланысты, полиция қызметкерлері ҚР Жол жүрісі Ережелеріне (одан әрі ЖЖЕ) сәйкес, мотоцикл көлігінде медициналық жолдәрі қорабының (аптечка) болу қажеттілігін түсіндіре алмағандығы белгілі.


Болған жайтқа ТО ПД қызметтік тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде ТО ПД Жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция полицейлері өзінің функционалдық міндеттерін және ҚР Жол жүрісі Ережелерін жеткілікті деңгейде білмегені үшін атқарып отырған лауазымдық қызметтерінен босатылды.

Дереккөз: ТО ПД Баспасөз қызметі