Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыруда табандылық керек – Д.САТЫБАЛДЫ

0
700

Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыру бағытында басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берді.


Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыруда табандылық керек – Д.САТЫБАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Президент Жолдауының негізгі бағыттарына тоқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістан облысы әкімдігінде өткен мәжілісте облыс әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауының негізгі бағыттарына тоқталды.


«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1-қыркүйегіндегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауын жариялап, реформалардың нақты 5 бағдарын айшықтап берді. Олар: Жаңа экономикалық саясат; Нақты секторды дамыту; Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция; Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, Заң және тәртіп. Жолдауда Мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша шешімдерді ұсынып, тапсырмалар берді. Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыруда белсенділік және табандылық қажет», – деген Д.Сатыбалды бұл тапсырмалар ел әлеуетін көтеруге тікелей ықпал ететінін жеткізді.


Облыс әкімі әйелдердің зейнет жасын 61 жас деңгейінде қалдыру, ең төменгі жалақы деңгейін 70 мың теңгеге дейін көтеру, кәсіпкерлерге 2,5 пайыз көлемінде несие беру, ауылдарда медициналық мекемелерді көбейту, білім алуға несие беру, 18 жасқа дейін әр балаға ұлттық қордың инвестициялық табысынан тиісті төлемақы беру бастамалары елден қолдау тапқанын атап өтті. Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыру бағытында басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берді.