ҚАЙЫЗҒАҚТАН құтылу үшін СПИРТ жақсы көмектеседі

0
3 054

Спиртті үйде тағы қандай жағдайларда пайдалануға болады?


ҚАЙЫЗҒАҚТАН құтылу үшін СПИРТ жақсы көмектеседі

Спирттің адам ағзасы үшін пайдасынан зияны басым. Ал медицинада залалсыздандырғыш ретінде кеңінен пайдаланылады. Сондай-ақ спиртті тұрмыста көптеген құралдардың орнына пайдалануға болады.

Мысалы, спирттің көмегімен дақты кетіруге, әшекей бұйымдарды тазалауға т.б. жағдайларға қолданылады.


Асүй майлықтарының жағымсыз исін кетіреді

Кейде асүй майлықтарының жағымсыз иісін ұнтақпен жуып кетіре алмай жататын кездер болады. Оның тиімділігін арттыу үшін ұнтақты спиртпен араластырып, майлықтарды соған салып 1 сағатқа қоямыз. Кір мәшинесіне жусаңыз, барабанға құю керек. Кез-келген ұнтаққа 100 гр спиртті ішімдікті қосуға да болады. Уақыт өткен соң үйреншікті әдіспен қалыпты жағдайда жуып ала бересіз.


Тітіркенуді басады

Жәндіктердің тістеуінен болған қызарған, бөрткен, қышынған жерлердің тітіркенуін тез басады. Ол үшін спиртті ішімдікке мақтаны батырып, бөрткен, тітіркенген жерге басу керек.


Гүл шоғының ұзақ сақталуына әсер етеді

Спиртті ішімдіктің көмегімен гүлдердің сабағы мен суда пайда болған бактерияларды бейтараптандыруға болады. Соның арқасында гүл шоқтары ұзақ уақыт өз сұлулығын сақтап қалады. Ол үшін спиртті ішімдіктің 1 шай қасығын 1 л суға араластыру керек.


Қара, қарақоңыр түсті киімге тиген дақтарды жақсы кетіреді

Егер киімде кір мен дақ пайда болса, сол жерге спиртті ішімдіктен жағып қою керек. Дақтар аз уақытта кетіп қалады.


Қырыну құралының ұзақ қызмет етуіне көмектеседі

Стақанға құйылған спиртті ішімдікке қырыну құралын салып қойсаңыз, бұл оның тат баспауына және залалсыздануына көмектеседі. Қырынғаннан кейін ешқандай тітіркену болмайды.


Шаш күтіміне жақсы көмектеседі

  • Бір стақан спиртті ішімдікті құтыдағы кез-келген сусабынға (шампунь) қосса, ол шаштағы токсиндерді шығарып, оның жақсы өсуіне көмектеседі.
  • Қайызғақтан құтылу үшін – стақан спиртті ішімдікке 2 шәй қасық ұнтақталған гүлшетен (розмарин) араластырып, екі күнге тұндырып қоямыз. Екі күннен соң сүзіп, алынған қоспаны шашқа массаж жасай отырып жағу керек. Жаққаннан кейін, шашты өз бетінше кептіру қажет.


Денедегі ісіну мен ауырсынуларды басады

Сумен 1:1 мөлшерде спиртті ішімдікті араластырып, целофан пакетке құйып, мұздатқышқа салып қатырып қою керек. Денедегі кез-келген іскен немесе көгерген, ауырсынған жерге басу қажет.


Шыбын-шіркейдің жауы

Асүйде ұсақ шіркейлер пайда болды ма? Онда, 30 мл спиртті ішімдікке 3-4 тамшы ыдыс жуатын сұйықтық және 400 мл суды араластырып, қоспамен шіркей жүретін жерлерді сүрту керек. Мұнан кейін шіркейлер үйді өздері-ақ тастап кетеді.


Астың жақсы пісуіне көмектеседі

Қазір балық, құс еттері сырты қызарып, қытырлап тұруы үшін сұйық қамырға бір аунатып қуырады. Құс пен балық еті өте қытырлақ, қызара пісуі үшін батырылатын жұмыртқа мен ұн араластырылған қоспаға азғана спиртті ішімдік қосып араластыру әдісін аспаздан көп қолданады.


Оқи отырыңыз: КІРЛЕГЕН кілемді ШИКІ КАРТОП пен АШЫҒАН ҚЫРЫҚҚАБАТ жақсы тазартады.


БАЛ, АШЫТҚЫ - бөлме гүлдерінің ТАМЫРЫН тез шығарады.


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ