ЖҮЗІМ піспей жатып шіри бастаса СОДА пайдаланыңыз

0
7 794

Ас содасы жүзімді зиянкестер мен аурудан қорғап қана қоймайды, сонымен қатар оның тәттілігін де арттыра түседі.


ЖҮЗІМ піспей жатып шіри бастаса СОДА пайдаланыңыз

Бақшадағы жүзімді зиянкестерден қорғау үшін агрохимияға жүгінуге асықпаған жөн. Себебі, жүзімді қорғауға арналған негізгі, қажетті қорғаушы қолда бар – кәдімгі ас содасы. Әсіресе дәл қазіргідей пісудің сәл-ақ алдында тұрғанда химиялық заттарды пайдалану аса қауіпті. Ал ас содасы жүзімді зиянкестер мен аурудан қорғап қана қоймайды, сонымен қатар оның тәттілігін де арттыра түседі.


Ақ ұнтақты саңырауқұлақтар (мучнистая роса)

Жүзімге түсетін бұл аурудың ғылыми атауы – "Оидиум". Бұл – өсімдік ұлпасына (ткань) енетін саңырауқұлақ инфекциясы. Егер зиянкес жүзімге түссе, оның жапырақтары мен жемісі ақшыл түске енеді, жаздың аптап ыстығында жүзімдіктен жағымсыз иіс шығады. Мұндай кезде зиянкесті жою үшін, ем-дом әркетін бірден бастап кетпесеңіз, жүзімдік қурап қалуы мүмкін. Саңырауқұлақ инфекциясы суықты өте жақсы көтереді, яғни қыста өліп, жоқ болып кетпейді. Көктемде өсімдікке жабысып қайта шыға бастайды. Сондықтан оны қысқа қалдырмай, бірден ас содасын сеуіп, өңдеп тастаған дұрыс. Ол үшін:

3 апта бойы күніге 1 шелек суға 5 шәй қасық ас содасын және 20 гр кір сабын араластырып жүзімге бүркіп отырамыз.


Сұршірік (серая гниль)

Бұл- жүзімнің піскен жемісін шірітіп жіберетін саңырауқұлақ ауру түрі. Сұршірік піспеген жүзімді сирек зақымдайды, тек жеміс жұмсара бастағанда ғана шіріте бастайды . Оның басты көздегені жаңа піскен жемістер, солардың сырты толықтай сұр түсті түкпен жабылып, іші нәрінен айрылып шіри бастайды. Мұндай кезде де ас содасымен бүрку жасау керек. Оның мөлшері:

  • Егер жүзімдік енді ғана ауырып бастаса, онда 1 шелек (10л) суға 80 грамм ас содасын салып, жүзімге бүркіп шығу керек.
  • Зиянкестер мен аурудың алдын алу үшін де сода қосылған сумен (1шелек суға 80гр сода) ара-тұра бүркіп тұруға болады.

Егер жүзімдіктегі ауру асқынып, біраз жерін басып қалған болса, онда 1л суға 2 ас қасық сода, 2 ас қасық өсімдік майы, 2 ас қасық сұйық сабынды араластыру керек. Бұл қоспамен бүрку жұмыстарын 5 немесе 7 күнде қайталап тұру керек.


Зиянкестерден қорғану

Жүзімнің тағы бір жауы – қырықбуын (гусеница). Ол жүзімнің жапырақтары мен сабағын жеп қояды. Одан құтылу үшін,ұн мен соданы 1:1 мөлшерде араластырып, құрғақ күйінде жапырақтарға сеуіп шығу керек.


Жүзімдіктегі арамшөптерден құтылу

Жүзім айналасын басқан немесе жүзімге жабыса өскен шырмауықтан құтылу үшін де ас содасын пайдалану ұсынылады. Ол үшін, ас содасын суға араластырып (1л суға 80гр) арамшөп пен шырмауық басқан жерге құю керек.


Жүзімдікті жасарту

Жүзімдікті жасарту үшін де ас содасы қолданылады. Ол үшін 1шелек суға 1 шәй қасық ас содасы және 6-7 тамшы нашатыр құйып араластырып, жүзімді суғару керек.


Тәтті жемістер

Жүзім жемістеріне аптасына бір рет сода қосылған су бүркіп тұрса, олардың тәттілігі арта түседі. Ол үшін 1 шелек суға 70гр ас содасын араластыру керек.

Керек кеңес қажеттеріңізге жарасын!

Тағы оқи отырыңыз: ТҮНДЕ де ТАЗА АУА "шығаратын" БӨЛМЕ ГҮЛДЕРІ


Дайындаған: Базарбаева Э.

ERNUR.KZ