​10-16 қыркүйек: Алдағы апта не дайындағанын білгіңіз келе ме?

0
2 852

Әлем әрбір адамға, өзінің бір бөлшегіне күн сайын сыйлықтар тарту етеді. Ол жақсы сый не артынан жақсы сыйын ерте келетін сынақ болуы да мүмкін. Бұл аптада жұлдыздар сізге не сыйлайтынын білгіңіз келе ме?


​10-16 қыркүйек: Алдағы апта не дайындағанын білгіңіз келе ме?

фото: alsleadership.com

Тоқты

Алда сізді тыныш та жайлы апта күтіп тұр. Әйткенмен, жалқаулыққа беріліп уақытты босқа өткізбеңіз. Өзіңізді кәсіби тұрғыдан дамытумен айналысқаныңыз жөн. Жұлдыздардың сәтті орналасуы сізге қаржылық жағдайыңызды ретке келтіруге көмектеседі. Жеке өмірде «менікі» деп белгілеген меншіктеріңізге мұқият болыңыз. Екінші жартыңыз үшін романтикалық сәттер ұйымдастырсаңыз, құба-құп.

Торпақ

Бұл аптада ойыңыз бен ісіңізді реттеу үшін сізге тыныштық пен демалыс көбірек қажет. Жоспардан, үйіңізден, тіпті жүрегіңізден қажетсіз, маңызсыз дегендерді шығарып тастауға тырысыңыз. Жақын арада жаңа қызықты таныстықтар мен оқиғалар тосуда.

Махаббат майданында да сәттілік серігіңіз болады. Жалғызбасты Тоқтылар үшін дүкендегі жай таныстықтан да жаңа махаббат хикаясы басталып кетуі мүмкін.

Егіздер

Бұл аптада сіздің тарапыңызға айтылатын мақтауларға мән беріңіз. Еш қысылмай қабылдаңыз, себебі, олар шынайы. Қызмет орнында түсініспеушіліктерден аулақ болыңыз, көмегіңізді қажет еткендерге қол ұшын созыңыз. Білім қорыңызды толықтыруға, жаңа жобаларды таныстыруға оңтайлы күндер. Демалыс күндеріне үй шаруасын көп жоспарламай, өзіңізге арнаңыз.

Шаян

Апта күндері шулы ортада өтеді. Ал сіз бәріне қажетті, орнын ешкім баса алмайтын жанға айналасыз. Әріптестер мен достарыңыздың көбіне көмектесуге мүмкіндігіңіз бар. Сондай-ақ, осы жеті күн ішінде мансап баспалдағында жоғарылауыңыз не қандай да бір бәсекеде жеңіске жетуіңіз бек мүмкін.

Арыстан

Шығармашылық қабілетіңіздің жаңа қырлары ашылып, сән және өнер салаларына қызығушылығыңыз артады. Сіздің стиліңіз бен пидеяларыңыз көпшіліктің көңілінен шығып, табынушылар да табыла бастайды. Аптаның соңғы жұмыс күндерінде қызметтік міндеттеріңізді мұқият атқарыңыз. Ал, сенбі-жексенбі жағымды романтикалық күйде өтеді.

Бикеш

Алда сізді әлеуметтік жағдайлар мен қызметтік ұсыныстарға толы «қайнаған» апта күтуде. Уақыттың қалай тез өткенін байқамай да қаласыз. Есесіне, осы күндердегі жұлдыздардың орналасуы идеяларыңыз бен жобаларыңыздың ойдағыдай жүзеге асуына көмектеседі. Сондықтан, тосылмаңыз, қысылмаңыз, маңызды деп тапқан шаруаларды батыл түрде бастаңыз.

Таразы

Сіздің көңіліңізге күздің ерте келгені сонша, жазды, теңіз жағасындағы демалыс пен күннің шуағын әлден сағынудасыз. Егер бәрін тастап жылы жаққа ұшып кету мүмкін болмаса, сағынышты басудың басқа амалын жасаңыз. Бұл үшін сізге косметолог, спа-процедуралар немесе құрбылармен шоппинг жасау көмектеседі.

Сарышаян

Сіз үшін жаңашылдықтарды жақсы қабылдайтын апта. Егер білім жолында болсаңыз, жаңа ақпараттарды тез ұғынасыз. Жаңа хоббимен айналысуды бастасаңыз, оны да оңай игеріп кетесіз. Тек, қаржыға қатысты ешкіммен дауласпасаңыз, көлемді сауда-саттық жасамасаңыз, апта сәтті өтеді. Демалыс күндері бойыңызда жаңа махаббат ұшқыны тұтанады. Айналадағы «ақылшыларды» емес, өз интуицияңызды тыңдаңыз.

Мерген

Мансап, жарқын болашаққа жоспар, маңызды таныстықтар... Аптаның барлық күні дерлік осы тақырыптар төңірегінде өтеді. Өзге ұжымдастардан оқ бойы озық тұрып, қабілетіңіздің қаншалықты екенін бәріне дәлелдейсіз. Әйткенмен, айтылған мақтауларға семіріп кетпеңіз, бойыңыздағы қарапайымдылық пен еңбекқорлықты жоғалтпаңыз.

Тауешкі

Маңызды мақсаттарды межелеп, үлкен жобаларды қолға алатын шақ келді. Басшылық жаңа тапсырма берсе, бас тартпаңыз, маңызды істі кейінге қалдырмаңыз. Себебі, кәсібилік пен мансапқа қатысты көп мәселеңіз осы аптада бір жағына қарай шешіледі. Апта бойында үйде де, кеңседе де көптеген тосын сыйлар күтіп тұр.

Суқұйғыш

Бұл аптада сізге көп нәрсені шешуге тура келеді. Алайда, тапқырлығыңыз сізді күрмеуі қиын түйіндерден оңай алып шығады. Әрі, адамдарға тек жақсылық тілейтін ақ ниетіңіз бен бойыңыздағы күш-қуаттың да көмегі тиеді.

Балықтар

Сізді сәтті апта күтіп тұр. Барлық күнін дерлік оптимистік көзқараста, көтеріңкі көңіл-күймен өткізесіз. Жасауға тиісті шаруаларыңызды жоспар бойынша қағазға түсіріп қойыңыз, сонда еш нәрсені ұмыт қалдырмайсыз және кешіктірмейсіз.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ