18-24 маусым — өмірді өзгертуге оңтайлы күндер. Жұлдызнама

0
5 529

Әзірге қаражат мәселесіне бас қатырмағаныңыз абзал. Бәрібір бұл аптада кіріс жоқ не мүлдем аз. «Ақшаны қайдан табамын?» деп емес, жаңа жұмыс, жаңа жоба табу жолында жанталасыңыз.


18-24 маусым — өмірді өзгертуге оңтайлы күндер. Жұлдызнама

Бфото: awarenessact.com

Тоқты

Алдағы апта Сізге аздаған қиындықтарын тосқалы тұр. Әсіресе, қызмет барысында. Бірнеше нұсқа таласқа түсіп, таңдау жасау қажеттілігі туады. Өте сақ болыңыз. Себебі, сіздің назарыңызды ерекше аударғандары қақпан болуы әбден мүмкін. Біреулер сенгіштігіңізді өз пайдасына жаратқысы келеді.

Жеке өмірде де жанжалды жағдайлар орын алуы ықтимал. Бұл жұмада Сіз өте эмоционалдысыз. Сондықтан, сабырға шақырып, ақыл қоса алатын достармен тығыз байланыста болыңыз.

Торпақ

Жылжымайтын мүлікке қатысты мәселелерді шешуге ең оңтайлы уақыт — осы апта. Құжаттарға қол қою, келіссөз орнату қажет болса, батыл түрде қолға алуыңызға болады. Біршама ақша үнемдеу мүмкіндігі де жоғары.

Жеке өміріңіз де жағымды сәттер мен романтикалық әсерлерге толы өтеді. Бұл күндері жақындармен бірге сапарға шықсаңыз, өкінбейсіз. Демалыс күндері денсаулығыңызға мән беріп, спортқа ден қойыңыз.

Егіздер

Апта бойында барынша белсендісіз, бұл жақсы. Іссапарға шығу ұсынысы түссе, қуана келісіңіз. Жағдай мен орын ауыстыру Сізге пайдалы болмақ.

Аздап қаржы мәселесі қинауы мүмкін. Ірі көлемдегі қаражат қажеттілігі туындап, оны қайдан табамын деп бас қатырасыз. Дегенмен, көп уайымға берілмей, мұның уақытша екенін есте ұстаңыз.

Шаян

Өз шамаңызға күмән келтіріп, бойыңызды сенімсіздік билейтін күндер күтіп тұр. Бір жағдайлар мазаңызды алып, сары уайымға салады. Онымен жалғыз күресіп жеңе алмауыңыз мүмкін. Дос-туыстарыңыздан кеңес пен көмек сұраудан қысылмаңыз.

Демалыс күндері үй шаруасымен айналысып, тазалық жұмыстарын жүргізсеңіз, айналамен бірге ойыңыз да тазарып қалады.

Арыстан

Келер жетінің барлық күнін іс-әрекетпен, белсенді қимылмен өткізесіз. Сондықтан, іш пыстырмайтын апта болғалы тұр. Жыл сайынғы еңбек демалысында болсаңыз, табиғат аясына серуендеуді жиілетіңіз. Немесе ауылға, саяжайға барып тұрыңыз. Бұл үлкен көмегін тигізер еді.

Апта соңы сіз жоспарлағандай болмайды. Тосын жағдайлардың әсерінен жоспарыңыз күрт өзгереді. Бұл көптен көрмеген досыңызға байланысты болуы ықтимал.

Бикеш

Әдетте, кез келген қадамыңызды алдын-ала есептеп, жағдайды жіті бақылай аласыз. Бірақ, осы жолы қандай да бір ұсақ детальдан қате жіберген секілдісіз. Себебі, бәрі сіз жоспарлағандай болмай, басқа арнаға түсіп кету мүмкіндігі жоғары. Әрине, сіздің мұндай «тосынсыйларды» жақсы көрмейтініңіз белгілі. Десе де, сабырлылық танытып, әліптің артын бағуға кеңес береміз. Жағдайды өз қолыма аламын деп тырыссаңыз, «артық» орнына «тыртық» етіп алуыңыз мүмкін.

Таразы

Таразылардыңұрыс-жанжалды ұнатпайтыны, даулы ортада өзін жайсыз сезінетіні белгілі. Өкінішке орай, алдағы апта Сізді дәл осы жағынан сынағалы тұр. Ең жаманы — ұрыс-керістің отбасында орын алу мүмкіндігі басым. Әсіресе, сәрсенбіде аса сақ болыңыз, кез келген сөз не істің арты үлкен ұрысқа ұласып кетуі мүмкін.

Қызмет орнындағы жағдай да қуанта қоймайды. Жасаған еңбегіңіздің ақысын алу қиынға түседі. Салдарынан материалдық жағдайыңыз да мәз болмас. Дегенмен, «Бәрі де уақытша» деген сөзді апта ұранына айналдырып, қажеттіліктер үшін жиған-терген қорыңыздан аздаған қаражат бөлсеңіз, бұл күндерден де «жеңіп шығасыз».

Сарышаян

Денсаулығыңыз сыр беріп, дабыл белгілерін жібереді. Дер кезінде құлақ асып, дәрігерге жүгініңіз. Тынығыңыз, мүмкіндік болса, бірнеше күнді үйде — тыныштық пен жайлылықта өткізіңіз. Бірақ, жай қарап жатпаңыз, үйдің қуыс-қуысын түгел тазалаңыз, құжаттар мен қағаздарды реттеңіз. Атқарылған үй шаруасы көңіліңізге қуаныш пен серпіліс сыйлайды.

Мерген

Әдетте, Мергендер айтқанға көнгіш, бұйрыққа бойұсынғыш келеді. Алайда, арасында бойындағы «жауынгер» оянып, ешкімді тыңдамай, бағынбай кететін кездері болып тұрады. Бұл өзіңізге жақсы таныс. Алдағы апта — дәл осы «жауынгердің» оянатын аптасы. Сондықтан, өзгелердің айтқанына құлақ аспау, ешкімді тыңдамау, өз дұрыстығыңызды дәлелдеу үшін сөз таластыру сынды әрекеттерге жиі барасыз. Оны табандылық көрсетуге тиіс жерде тиімді пайдалана білсеңіз жақсы. Ал, орынсыз қолданып, артық кетсеңіз, соңынан бірнеше мәселе туындатып аласыз. Содан соң солармен алысуға тура келеді.

Тауешкі

Өмірді өзгертуге аса қолайлы күндер келе жатыр. Осы аптада күмән келтіріп жүрген әрекеттеріңізді доғарыңыз. Ойда жүргендерді жүзеге асыруға үлгеріңіз. Бәрі сәтімен аяқталады.

Суқұйғыш

Күнделікті күйбең, бірсарынды сұрқай өмір келесі аптамен жалғасын табады. Егер, осы өмірге өзгеріс енгізіп, жарқын бояулармен безендіргіңіз келсе, бұл өз қолыңызда. Тек бойыңызды сілкіп, ойыңызды сергітіп, жаңа бастамаға ықылас танытсаңыз болғаны. Адамдарға хабарласып, өзіңізді естеріне салудан қысылмаңыз.

Әзірге қаражат мәселесіне бас қатырмағаныңыз абзал. Бәрібір бұл аптада кіріс жоқ не мүлдем аз. «Ақшаны қайдан табамын?» деп емес, жаңа жұмыс, жаңа жоба табу жолында жанталасыңыз.

Балықтар

Әркімнің-ақ өмірінде жақсы мен жаман кезектесе келіп жатады. Алдағы аптадағы сіздің өміріңізде екіншісіне кезек келеді. Бұған түсіністікпен қарап, шытынамауға, керісінше, шыңдалуға тиіссіз.

Жақын арада сүйікті адамыңызбен ренжісіп қалған болсаңыз, татуласуға тырысыңыз. Араңызды жақсартуға жұлдыздар көмектеседі.

Демалыс күндеріне үлкен жоспарлар құрмағаныңыз абзал. Үйдегі ұсақ-түйек шаруалармен айналыссаңыз, солардың өзі ерекше ләззат пен жан тыныштығын сыйлай алады.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ