​4-10 маусым — келер аптада Сізді не күтіп тұр?

0
7 220

Алдағы аптаға жұмыс жоспарын құруды бастадыңыз ба? Асықпаңыз, астрологтардың айтарын да ескеріңіз.


​4-10 маусым — келер аптада Сізді не күтіп тұр?

Жфото: images.fineartamerica.com

Алдағы аптаға жұмыс жоспарын құруды бастадыңыз ба? Асықпаңыз, астрологтардың айтарын да ескеріңіз.

Тоқты

Дүйсенбіде аздаған қарсылыққа тап боласыз, ол ойыңызды іске асыруға кедергі келтіреді. Әйтеуір бір нәрсе сіз ойлағандай болмайды. Салдарынан ой мен істі басқа арнаға бұруға тура келеді. Апта соңында қаржылық мәселелер туындап, жағдайыңызды одан әрі қиындатуы мүмкін. Жұлдызшылар кеңесі: жақын, сенімді адамдардың көмегіне жүгініңіз. Дер кезінде көмек қолын созса, бірқатар мәселенің шешімін табуға болады.

Торпақ

Алдағы аптада іскерлік қабілетіңізді танытуға оңтайлы мүмкіндіктер туады. Тиімді пайдаланып, кәсібіңізді кеңейтіп қалуға тырысыңыз. Сатушы болсаңыз, «сауда сақал сипағанша» деген тіркестің дұрыстығына дәл осы аптада кезекті рет көз жеткізесіз.

Аптаның екінші жартысында сүйіктіңіз аздап жүйкеңізді жұқартады. Қызғаныш пен зілді әзілдің кесірінен өзара түсіністік пен сыйластыққа сызат түсуі мүмкін. Жұлдызшылардың берер кеңесі: тұтанып келе жатқан кез келген өртті бір-біріңізді айыптаумен үрлеп үдетпей, дер кезінде сөндіріп тастауға тырысыңыз.

Егіздер

Бұл аптада жаңа бастаманы қоя тұрып, бар ойыңыз бен назарыңызды күнделікті тіршілікке аударған дұрыс. Күш-қуатыңызды да қажетсіз нәрселерге жұмсамаңыз. Керісінше, энергия алатын істермен айналысыңыз. Себебі, жұлдызшылар алдағы апталарда көп күш пен рухты қажет ететін жағдайлар орын алуы мүмкін деп сақтандыруда.

Шаян

Қандай да бір адам не жағдай жылы орныңыздан қозғалуға мәжбүрлейді. Сонысымен де өзгерістерге толы жеті болмақ. Әуре-сарсаңға салатыны да бар, әсіресе, жеке көлігіңіз болса. Белсенді еңбекке ең қолайлы күндер — сәрсенбі мен бейсенбі. Ал, сенбі мен жексенбіде жеке өміріңізге қатысты күрделі жайттар орын алады. Мұндай жағдайларда кінәні өзгеден емес, өзіңізден іздеп, әрекеттер мен әдеттеріңізге сырттай баға беруге талпыныңыз —жұлдызшылардың сізге айтар ақылы осы.

Арыстан

Келер жұмада жұмысбастылықтан аздап бас тартсаңыз дұрыс болар еді. Отбасыңызға көбірек уақыт бөліңіз. Балалармен, жұбайыңызбен қарым-қатынасты бұрынғыдан да жақсартуға күш салыңыз. Аула мен бақша жұмыстарын қолға алыңыз. Себебі, бұл апта кеңседегі кеңістікті емес, жеке әлеміңізді ретке келтіруге аса қолайлы. Оған қоса, осы уақыт аралығында тиісінше тынығып, жұмысқа деген құлшыныс оянып, қызмет орнына жаңаша қарқымен барасыз.

Бикеш

Алдағы аптаның біршама күнін мазасыз өткізесіз. Сезім мен эмоция жетегінде кетіп, көңіл толқыны тулап тұратын жағдай жиі кездеседі. Салдарынан жақындарыңызды ренжітіп, арада салқындық тууы мүмкін. Жағдайды ушықтырып алмайын десеңіз, «үзіліс» жасап, үнсіз жүре тұрыңыз. Кейін жылы қабақпен «қайта жүктеу» режимін қоса қоясыз. Айталық, сенбі-жексенбіде ренжітіп алған жақыныңызға арнап қызықты демалыс ұйымдастыруға болады.

Бұл жеке өмірге қатысты. Ал, қызметке келсек, кеңседегі бар ынтамен атқарылған кез келген ісіңіз жемісті болады.

Таразы

Құй сеніңіз, құй сенбеңіз, әрбір жанның ішкі әлемінде бір тылсым жасырынып жатыр. Сіздің тылсымыңыз осы аптада өзінен хабар береді. Айталық, сену қиын сәйкестіктер, заттардың ұшты-күйлі жоқ боп кетуі не аяқ астынан табыла қалуы, өңнен айрығысыз түстер... Қандай жағдай болса да, әбігерге салынбай, ішкі түйсіктің айтарына құлақ түріңіз. Себебі, ол сізге жоғарыдан жіберілген маңызды белгі болуы әбден мүмкін. Әсіресе, бейсенбі мен сенбіде әр ұсақ-түйекке мән беріп, белгіні іздеңіз.

Сарышаян

Алдағы жетіде денсаулығыңызды қолға алсаңыз құба-құп. Олай етпеген жағдайда зорығудың алғашқы белгілері байқалады. Ал, адам ағзасы әбден қалжырап, зорыққанда түрлі ауру-сырқауға шалдыққыш болатынын білетін шығарсыз. Сол себепті, жұмыс қарқынын аздап бәсеңдетіп, өзіңізді күтіңіз. Ақыл-ой мен еңбек күшін көп қажет ететін істерді асықпай, арасында үзіліс жасай отырып атқарыңыз.

Мерген

Бұл аптада бірсыпыра жиған-тергеніңізді ұсақ-түйекке, пайдасыз бұйымдарға жұмсап жіберу мүмкіндігі жоғары. Көңіл көтерген, сауда жасаған жақсы-ақ. Көңіліңіз қалаған қажетсіз нәрсеге қаржы жұмсауды қалтаңыз да көтеріп тұр. Әйткенмен, ертеңгі күнді де ұмытпаған жөн.

Апта күндері қашықтан жұмыс жасайтындар үшін табысты болғалы тұр. Іскерлік байланыстарды арттыруға да оңтайлы.

Тауешкі

Шығармашылықпен айналысатын Тауешкілер үшін табысты кезең. Қаржы жағынан да, жаңа туынды жағынан да. Ал, кәсіпкерлерге бизнесті дамыту мен жаңа бастаманы қолға алуға аса қолайлы емес. Қызмет орнында қауырт әрі шиеленіске толы жайттар орын алады. Жұлдызшылар қандай жағдай болса да, ешкіммен пікір таластырмауға, текетіреспеуге кеңес береді.

Суқұйғыш

Апта күндерін таныстық арттырып, жаңа білім алуға, таным көкжиегін кеңейтуге арнасаңыз, сәтті өтері сөзсіз. Әсіресе, ғылыми-зерттеу жұмыстары жақсы нәтиже береді. Кеңсе қызметкерлері бұл аптада еркіндік пен өз ойын ашық білдіру мүмкіндігіне мұқтаж. Кей Суқұйғыштар мамандық не қызмет саласын басқа арнаға ауыстырғысы келеді. Алайда, жұлдызшылар асықпауға кеңес береді.

Балықтар

Қиял әлемінде қалықтамай, жерге түсіңіз. Олай етпесеңіз, шынайы өмірге еркіңізден тыс оралуға мәжбүрлейтін жағымсыз жайлар орын алады. Жағымсыздық жақын адамыңыз тарапынан болуы ықтимал. Қанша жақын болса да, оны ақтауға тырыспаңыз. Жағдайға шынайы баға беріп көріңіз. Бәлкім ол өзіңіз ойлағандай соншалықты «жақын» емес те шығар?

Аударған: А.Бектұрғанова

ERNUR.KZ